Пт. Май 3rd, 2024

Әнші Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзге көлік құралдарына зақым келтіруге әкеліп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі (ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот 2023 жылдың 14 маусымында көлік рөліндегі азамат А. мас күйінде патрульдік көлікті қаққанын анықтады. Апат салдарынан автокөліктерге механикалық зақым келді. 

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкініш білдірді.

«ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен А. кінәлі деп танылды. Оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды».Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Полицейлер Төреғали Төреәліні 14 маусымда түстен кейін ұстады.

Алматы қаласының полициясы әншіні ұстау сәтінің толық видеосын жариялады. Видеодан әншінің өзін агрессивті ұстап, полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып және оқиға орнынан қашуға тырысқанын көруге болады. Оны көліктен шығару үшін бірнеше тәртіп сақшысының жабылуына тура келді.


Источник: kaz.zakon.kz