Ср. Май 1st, 2024

AI•KÚN коллекциялық монеталары күмістен дайындалған. 

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024 жылғы 14 наурыздан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Сиқырлы нышандар» сериясынан коллекциялық AI•KÚN және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағы сатуға шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

AI•KÚN коллекциялық монеталары күмістен дайындалған. Металл сынамасы – 925/1000. Монеталардың өзі жоғары бедерлі, алтын жалату және екі жақты тотығу технологиялары қолданылған. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – black proof, номиналы – 500  теңгелік. Таралымы – 3 000 (үш мың) дана.

«Қар барысы» кәдесыйлық блистер жинағы ұлттық валюта – теңгенің айналыстағы монеталарының номиналды қатарынан тұрады. Таралымы – 30 000 дана. 


Дереккөз: inbusiness.kz