Ұлыбритания мен Қазақстан білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеді.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Астанада Narxoz және Белфасттағы Queen’s университетінің бірлескен филиалын, сондай-ақ Ковентри университетінің филиалын ашу жоспары туралы хабарлады. Сонымен қатар, Чивнинг стипендиаттарының саны артып, Astana IT University ағылшын тілін үйренуге баса назар аудара отырып, Birmingham City университетімен ынтымақтастықты кеңейтеді.
Қазақстан-Британ техникалық университеті өз тарапынан Моңғолияның Mandakh университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл серіктестік білім беру тәжірибесімен алмасуды, бірлескен зерттеулерді, әлеуметтік-мәдени байланыстарды және академиялық ұтқырлықты нығайтуды қамтиды.
Дереккөз: Ozekti media