Вт. Ноя 26th, 2024

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласындағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бақ сынаған жас спортшыларын үздік жетістіктерімен құттықтады.

Шайбалы хоккей, шорт-трек, шаңғымен тұғырдан секіру секілді әртүрлі жарыс түріндегі жетістіктердің арқасында бұл жеңістер ұлттық спорт тарихында өте маңызды.

Біздің жасөспірімдер құрамасының қола медаль иеленуі Олимпиада ойындары тарихындағы қазақстандық хоккейдің алғашқы жетістігі болды. Бұдан басқа бұл ойындарда шорт-трекші Полина Омельчук қола жүлдені қанжығасына байласа, 16 жастағы алматылық  Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіру жарысында алтын медаль жеңіп алды.

Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасында спортшыларымыз өнер көрсеткенде жалпыұлттық қолдау мен спорттық іс-шаралардағы қоғамдық пікірдің рөлі туралы ойлану маңызды. Біздің редакция туризм және спорт министрлігінің қызметін, сондай-ақ Ұлттық олимпиада комитетінің спорт саласында қандай рөл атқаратынын түсіну мақсатында зерттеу жүргізді.

Олимпиада ойындары әлемдік спорттың құндылықтар жүйесінде маңызды рөлге ие әрі спорттан бөлек мәдениет пен қоғамды біріктіретін бірегей оқиға іспеттес және бұл кездейсоқ емес. Расында да, олимпиадалық марапаттарды жоғары бағалау олимпиадалық қозғалыстың құндылықтар жүйесінің салдары деуге болады. Негізгі құндылықтардың біріне әмбебаптық пен бауырластық, адами құндылықтар (теңдік, адалдық, достық және құрмет), әлеуметтік жауапкершілік (ойындар өтіп жатқан қалалардағы спорттық мұра мен инфрақұрылымды қоса алғанда), кемсітушіліктің болмауы, допингке қарсы шаралар (спорттың тазалығына басымдық беру), мәдениет алмасу жатады.

Олимпиада ойындарында өнер көрсету әр мемлекет үшін ел дамуының барометрі болып есептелінеді. Жасыратыны жоқ, көбі ойындардағы жетістіктерді белгілі бір елдің спорттық инфрақұрылымды, білім беру, медицина мен адами капиталға инвестицияларды дамытуға көзқарасы ретінде кешенді түрде қарастырады. Төрт жылда бір рет өтетін Олимпиадалар спортшыларды даярлаудың көп деңгейлі және күрделі процесіне жатады.

Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүргізіледі?

Олимпиада ойындарына спортшыларды даярлау бойынша жұмысқа балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінен, олимпиадалық даярлау орталықтарынан бастап, спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын ҚР Туризм және спорт министрлігіне дейінгі көптеген спорттық ұйым қатысады. 

Олимпиада ойындары – төрт жылдық олимпиадалық іріктеу циклінің басында тұрған жарыстар. Мұнда қатысушы тараптардың тиімді бірлескен жұмысы арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады. Оған кімдер қатысады:

  1. ҚР Туризм және спорт министрлігі.
  2. Облыстық спорт басқармалары.
  3. Спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялар.
  4. Ұлттық олимпиадалық комитет.

Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстанның ҰОК үкіметтік емес, коммерциялық емес, автономды, қоғамдық ұйым екенінен бастау маңызды. Комитет өз қызметінде Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және ұйымның Жарғысын басшылыққа алады. Яғни оның қызметі мемлекет қаржыландырмайды, ал қаржы көздерін іздеу демеушілікті қоса алғанда, меценаттар есебінен жүзеге асырылады.

ҰОК қызметі заңнамалық деңгейде мемлекеттің араласуынан қорғалған. Сондай-ақ ҰОК-тің мемлекеттік органдардың қызметіне араласуына да тыйым салынған. Бұл Олимпиадалық хартияның талабы олимпиадалық қозғалыс пен оның құндылықтарын қорғау, ілгерілету миссиясын орындауда автономияға кепілдік береді.

Тәжірибе жүзінде бұл жұмыс Олимпиада ойындарындағы ұлттық құрама командалардың барысын жалпы басқарумен байланысты. Оған спортшылардың қатысуын ресімдеу, логистика, белгілі бір елге кіру кезінде құжаттарды ресімдеу, командалар мен ресми тұлғаларды аккредиттеу, барған елде спортшыларды орналастыру, тұру және тамақтандыру, медициналық қолдау, сондай-ақ спортшылардың қолайлылығын қамтамасыз етудегі басқа мәселелер кіреді.

Ұлттық олимпиадалық комитет Халықаралық олимпиада комитетінде халықаралық деңгейде ел атынан ресми түрде қатысады. Ол сыртқы коммуникацияны қамтамасыз етіп, осы деңгейде елдің мүдделерін білдіреді. Бұдан басқа ҰОК олимпиадалық қозғалысты ілгерілету және спортты қолдауды, ұлттық спорт органдарымен үйлестіруді және ынтымақтастықты жүргізеді. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің барлық басқару органы (президент, вице-президенттер, бас хатшы және атқару комитетінің басқа мүшелері) сайланбалы екенін, олимпиадалық спорт түрлері бойынша барлық ұлттық федерация құратын Бас Ассамблеяның шешімімен сайланатынын атап өткен жөн.

Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігінің спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға даярлаудағы рөлі ресурстармен қамтудан ғана тұрмайды, сонымен қатар бұған толыққанды жаттығу үшін жағдай жасау, дайындықтың барлық процесін бақылауды, мониторингті және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ету, дарындыларды дамыту, медициналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, спортшыларды даярлаудың әртүрлі кезеңінде допингке қарсы қызмет, республикалық және халықаралық жарыстар, соның ішінде Олимпиада ойындары да кіреді.

Әрине, мұндағы басты мәселе – қаржыландыру. Мемлекет спортшыларды жергілікті және республикалық деңгейде даярлау үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді. Оған оқу-жаттығу жиындарына ресурстар мен қаражат бөлу, халықаралық жарыстарға қатысу, жабдықтар сатып алу, медициналық қолдау және допингке қарсы бағдарламаны іске асыру жатады.

Екінші маңызды бағыт – спорттық инфрақұрылымды дамыту. Бұл жаттығуларға қажет спорттық ғимараттар салу, спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, жаттығу процесін, жарыстарды ұйымдастыру және спорттық көрсеткіштердің өсуімен байланысты басқа да мәселелерден тұрады.

Үшінші әрі маңызды кезең – жаттығулар мен жарыстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Оның спортты кәсібилендіруде, тиімділікті арттыруда және дарындыларды табуда үлесі бар.

Министрлік жұмысының келесі бір бағытына спортшыларды даярлаудың ұлттық бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде жасөспірімдер мен жастар құрама командаларын даярлау, сондай-ақ дарынды жастарды іздеу және қолдау кіреді. Бұдан басқа бұл жоғары жетістіктерге жету спортындағы күш-жігерді үйлестіру үшін Ұлттық олимпиадалық комитетімен, спорт федерацияларымен жұмысты да қамтиды.

Сонымен қатар спорттық медицина да атап өту керек. Ең алдымен бұлсапалы қызмет, тиімді диагностика, бақылау және тексеруден, сонымен қатаралған жарақаттардан кейінгі оңалту кезеңінен тұрады. Бұл кешенді тәсілді,медицина мамандарының деңгейін арттыруды, олардың командалардың жұмысына қатысуын және біліктілігін арттыруын талап етеді.

Облыстық спорт басқармалары

Спорттың дамуы туралы айтқанда, ең қиын жұмыс қайда дегенге тоқталсақ. Ең әуелі бұл облыстық спорт басқармаларының құзыретіне кіретін бастапқы спорттық дайындықты ұйымдастыру. Себебі өңірлерде спортшылардың базалық даярлығын ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық жұмыс, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс әрі спортшыларды олимпиадалық даярлау орталықтарының нормативтеріне дейін даярлау олардың мойнында екені белгілі.

Осы облыстық спорт басқармалары өскелең ұрпақ пен ересектерді спортқа жаппай тартуда бастапқы спорт инфрақұрылымын құру бойынша жұмыс жүргізеді. Спорт залдарын, стадиондарды және басқа да нысандарды салу жаттығу процесін бастауға ықпал етеді, бұл жас дарындылардың жолындағы алғашқы тәжірибелік қадам.

Келесі бір маңызды жұмысқа дарындыларды іздеу жатады. Расында да, бұл деңгейде 5-10 жылдан кейін халықаралық деңгейде ел атынан өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының спорттық резерві қалыптасады.

Осы жұмыстың маңызды кезеңі – жергілікті және республикалық деңгейлерде жарыстарды ұйымдастыру. Бұл да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретіне кіреді, бұдан басқа жаттықтырушыларды іріктеу, медициналық қолдау, сондай-ақ министрлікпен және Ұлттық олимпиадалықкомитетті қоса алғанда, салалық федерациялармен үйлестіру де бар.

Спорт түрлері жөніндегі ұлттық федерациялар

Дамудың келесі сатысы – күшті және бәсекеге қабілетті құрамакомандаларды қалыптастыруды мақсат ететін ұлттық федерациялар. Осы мақсатта олар спорттың белгілі бір түрін дамытуға қолдау көрсетеді. Оғанережелерді әзірлеу, бағдарламаларды енгізу және іске асыру, оқу жоспарлары, техника мен стратегияны оқыту және жарыс кезінде техникалық қолдау жатады.

Бұл деңгейде жаттықтырушылар құрамын нығайту, оның біліктілігін арттыру, кадрларды даярлау мен оларды ұлттық құрама командаларға жеткізуге ден қойылады. Сол себептен федерациялар Қазақстанда республикалық және халықаралық деңгейдегі чемпионаттар мен кубоктар түріндегі жарыстар мен іріктеу кезеңдерін өткізуге де жауап береді.

Бұдан бөлек ұлттық федерациялар ұлттық командаларды іріктеумен, жиынтықтаумен де айналысады. Барлық федерация Ұлттық олимпиадалық комитетті бірлесіп басқарады, комитет арқылы үйлестіруді,инфрақұрылымдық базаны нығайту мәселелерін де жүргізеді.

Қазақстан 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада 10 жүлдені жеңіп алды. Оның ішінде үшеуі алтын. Рио-де-Жанейро ойындарында еліміз 17 (2 алтын, 5 күміс, 10 қола) Олимпиада медалін жеңіп алды. Алтын жүлденің бірі Қазақстан үшін тарихи медаль болды, жүзуден Дмитрий Баландин Олимпиада чемпионы атанды. 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан 8 медальді (барлығы қола жүлде) місе тұтты. Бұл алдыңғы ойындарға қарағанда аз, бірақ сонда да оң көрсеткіш.

Халықаралық аренада спортшыларды даярлау мен өнер көрсетуінің әр кезеңі ұйымшылдық пен оң көзқарасты талап ететінін түсінген жөн. Бұл әсіресе Канвонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына қатысу кезінде, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында маңызға ие. Қолдау мен бірлік – спортшыларымыздың алдағы жетістіктері мен марапаттарына ықпал ететін маңызды фактор.

Елордалық су спорты түрлері федерациясының президенті Қанат Сахария