Сб. Ноя 23rd, 2024

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің басқару органдары немесе ешбір лауазымды тұлғасы жоғары қызметтегі тұлғалардың жеке шешімі негізінде тағайындалмайды.

ҚР ҰОК басқару жүйесі сайлау және алқалылық қағидаттарына негізделген. Сонымен қатар Халықаралық Олимпиада комитетімен алдын ала келісілетін Ұлттық олимпиадалық комитеттің жарғысына қатаң сәйкестікте әрекет етеді. Халықаралық Олимпиада комитетімен оның ережелерінің Олимпиада хартиясының ережелеріне және ХОК Этика кодексіне сәйкестігіне алдын ала келісіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ҰОК басқару органдарына Бас Ассамблея, Атқару комитеті, Тексеру комиссиясы, Спортшылар комиссиясы жатады. ҚР ҰОК мүшелері – олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерациялары ҰОК-тың басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының барлығын алқалы түрде сайлайды. Барлық басқару органының өкілеттік мерзімі 4 жылды құрайды. Басқару органдарының барлық мүшесі мен лауазымды тұлғалар өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады, жалақы және өзге де сыйақылар төленбейді.

Сайлау ҚР ҰОК мүшелері сайлайтын тәуелсіз сайлау комиссиясының басқаруымен жасырын дауыс беру арқылы өтеді.  Басқару органдарының құрамына немесе лауазымды тұлғаға сайлау үшін барлық кандидатураны ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің мүшелері ғана ұсынады.

ҚР ҰОК сайлау процесі басталғаннан бері Олимпиадалық хартия мен ХОК Әдеп кодексін сақтау үшін Халықаралық оимпиада комитетіне іске асырылып жатқан іс-шараларды хабарлайды. ХОК-қа сайлау қорытындылары мен орындалған іс-шаралар туралы есеп сайлау біткен соң жолданады.

2024 жылғы 26 ақпанда Ұлттық олимпиадалық комитеттің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өтеді.


Дереккөз: inbusiness.kz