Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Атырау облысының құтқарушылары су тасқынымен күресіп қана қоймай, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде.
Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған топ соның ішінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық қызмет тобы эвакуациялық пункттарды аралау жұмыстарын жүргізуде.
Бұл жағдайда психологиялық көмек адамдарға өз жағдайын жеткізуге көмектесу, оларды тыңдауға мүмкіндік беру және дер кезінде ақпараттық көмек көрсете білу үшін жүргізіледі.
Дереккөз: Inbusiness.kz