Пт. Ноя 22nd, 2024

Қытай Африка одағының жаһандық басқарудағы рөлін ескере отырып, оның «Үлкен жиырмалыққа» (G20) кіруіне қолдау білдіреді. 

Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

«Қытай G20-ға кіруде Африка Одағына қолдау көрсеткен алғашқы ел. Жақында Африка көшбасшыларымен болған диалог барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Африка одағының G20-ға кіруін белсенді түрде ілгерілететінін тағы да атап өтті», — деді дипломат брифингте.

Ол Африка одағының жаһандық басқарудағы өсіп келе жатқан рөлін атап өтіп, Қытай оны қолдайтынын айтты.

Бұған дейін Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасай отырып, «Үлкен жиырмалыққа» кіретін елдер Африка одағына бірлестікте тұрақты мүше мәртебесін беруге келіскенін хабарлады.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz