Пт. Май 23rd, 2025

ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл оқушысына пәтер сыйға берілді

2025 жылғы ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған түлек – Түркістан облысының тұрғыны Жәнібек Әбілхан.

Бұған дейін Жәнібек Әбілхан білім алған оқу орталығы 140 балл жинаған түлекке пәтер сыйлайтынын мәлімдеген. Бүгін орталық өкілдері мектеп бітірушіге пәтер сертификатын табыстағаны белгілі болды.

Орталықтың мәліметінше, пәтер Жәнібек оқуға түсетін қаладан сатып алынады.

Жоғары нәтиже көрсеткені үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және өзге де бағалы сыйлықтар берілген.

Жәнібек Әбілхан – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауылда орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Ол көпбалалы отбасынан шыққан.

Жәнібек ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған және биыл Қазақстанда ең алғашқы болып ең жоғары – 140 балл жинаған оқушы атанды.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS