Ср. Ноя 27th, 2024

2024 жылы Қазақстанда World Giving Index рейтингінде елдің позициясы 107-ден 113-ші орынға төмендегеніне қарамастан, елдегі жеке және қоғамдық бастамалардың арқасында қайырымдылық саласы тұрақты дамуды көрсетіп келеді. Әсіресе көктемгі су тасқыны секілді ел басына күн туған заманда көмек қолын созатын жомарт жандардың көп екені белгілі болды. Қайырымдылық көмегі бойынша жеке азаматтар арасында көшбасшы — отандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев, ал қоғамдық ұйымдар арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры ерекше көзге түсті, деп хабарлайды Orda.kz.

Енді олардың игі істеріне және өзге қайырымдылық көшбасшыларының үлестеріне тоқтала кетейік.

«Қазақстан халқына» қорының қайырымдылықтағы рөлі

2022 жылы ғана ашылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры осы уақыт аралығында 250 миллиард теңгеден астам қаражат жинап, оны бірнеше саладағы көмекке жұмсаған.

Бірінші кезекте бұл қаржы табиғи апаттардан зардап шеккен халыққа тұрғын үй салуға, дарынды жастарға білім беру гранттарын бөлуге және елдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға жұмсалды.

Елдегі қоғам қайраткерлер бастамаға негізгі әлеуметтік міндеттерді шешу үшін жеке ресурстарды біріктірді. Жүйелі жұмыс жүргізу арқылы азаматтардың өмірін жақсартуға ықпал ететін кең ауқымды бағыттарды қамтуға мүмкіндік берді.

Елдегі ең ірі қайырымдылық жасаушы

Тимур және Динара Құлыбаевтар құрған «Halyk» қоры бүгінге дейін 120 әлеуметтік жобаны қолдап, 85 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы басқа кәсіпкерлер мен меценаттардың нәтижелерінен әлдеқайда жоғары.

Фото: Qarlyğaş Nūr Jan

 2024 жылы Құлыбаевтар жасаған қайырымдылық істерінің негізгі бағыты халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған.

Атап өтетін болсақ, су тасқынынан кейін Құлсары тұрғындарына көмек көрсетіп, тұрғын үй мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге 31 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсады.

Астана қаласында көмекке мұқтаж 400 отбасыға пәтер сыйлады. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асып, құрылыс құны шамамен 6,9 млрд теңгені құрады.

Қостанай облысының Әулиекөл ауылында 2022 жылы салынған жаңа балабақша өртеніп, қор осы ғимаратты қалпына келтірді. Оның құрылысына қордан 1,3 миллиард теңге бағытталған.

Құлыбаевтардың қоғамға жасап жатқан қайырымдылық ісі мен осы бағыттағы көзқарасты өзгертуге жасап жатқан үлесін қоғам да жақсы бағалап келеді. 2024 жылғы қайырымдылық форумында олар «Қайырымдылsқ үшін» беделді медалімен марапатталды.

Қайырымдылық ісіндегі үздік кәсіпкерлер

Қазақстандағы қайырымдылықты дамытуға өзге де азаматтар үлес қосып келеді. Олар туралы атап өтетін болсақ, Құлыбаевтар отбасынан кейін қайырымдылық ісіндегі үздіктер Рахымбаевтар отбасы. Айдын және Анара Рахымбаевтар ауыл балаларын қолдау үшін IQanat Endowment Fund-қа 20 миллион доллар инвестициялады.

Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетованың «Сәби» қоры 22 жыл ішінде мектептер мен балалар үйлерін салуды қоса алғанда, әлеуметтік жобаларға шамамен 50 миллиард теңге бөлді.

Гүлнар Досаеваның жеке қоры талантты жастарға арналған мәдени бастамалар мен бағдарламаларды белсенді қолдайды.

Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры денсаулық сақтау саласына, соның ішінде сирек кездесетін аурулары бар науқастарға көмектесіп келеді.

Ғалымжан Есенов қоры STEM білімін дамытып, білім беру гранттары арқылы жас ғалымдарды қолдайды.

Фото: Ақорда

 Мемлекет те бұл қайырымды жандардың қоғамға жасаған жақсылығын елеусіз қалдырған емес. 2024 жылдың маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жетекші меценаттарының қосқан үлесін атап өтіп, Ақорда резиденциясында марапаттау рәсімін өткізді. Марапатталғандардың арасында Тимур Құлыбаев, Болат Өтемұратов, Нұрлан Смағұлов және басқалар болды. Бұл оқиға олардың жұмысының әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамның тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Қазір қоғамды қызу талқыланып жатқан Перизат Қайраттың ісі сияқты жекелеген жанжалдар қайырымдылық ісіне көлеңке түсіре алмайды. Себебі Қазақстанда мемлекет тарапынан да, жеке азаматтар тарапынан да қайырымдылық жасау ісі одан әрі дамып келеді.

Ірі мемлекеттік қорлардан бастап жеке жобаларға дейінгі бастамалардың сан алуан түрі қайырымдылықтың әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретіндегі маңызды рөлін көрсетеді. Алайда бұл саланы одан әрі дамыту қаржыландыруды ұлғайтуды ғана емес, сонымен қатар ашықтық пен сенімді арттыруды талап етеді. Жаңа азаматтарды тарту және Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі ұстанымдарын нығайту үшін негізгі факторға айналады.


Дереккөз: ORDA.kz