Басты міндет — Заң үстемдігін қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы Киевте қазақстандық журналистке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл мәселені тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет» деп санайды. Айтуынша, елімізде Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Басты міндет — Заң үстемдігін қамтамасыз ету.
«Сондықтан кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қарсы Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн», — деді Президент.
Дереккөз: inbusiness.kz