Чт. Ноя 21st, 2024

Басты міндет — Заң үстемдігін қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Киевте қазақстандық журналистке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл мәселені тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет» деп санайды. Айтуынша, елімізде Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Басты міндет — Заң үстемдігін қамтамасыз ету.

«Сондықтан кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қарсы Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн», — деді Президент.


Дереккөз: inbusiness.kz