Чт. Ноя 27th, 2025

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Желіде Көкшетаудан Астанаға таксимен барған жолаушының есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне ақшасын төлемей, қашып кеткені туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақпарат Threads желісінде пайда болды.

«Мен Threads-тің күшіне сенемін және бейнежазбадағы жолаушы табылар деген үміттенемін. Бұл адам Көкшетау–Астана бағыты бойынша такси шақырған. Ол такси жүргізушісі естімейтінін пайдаланып, қашып кеткен. Бейнежазбада жүргізуші ақшаның түскенін күтіп тұрғанын байқауға болады. Себебі ер адам ақшаны әпкесі жіберетінін айтқан.  Бұл – жүргізуші әкемнің танысы», – деді жазба авторы.

Белгілі болғандай, ер адам Самат есімді жүргізушіге жол ақысы үшін 6 мың теңге беруі тиіс болған. 

Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтайтынын хабарлады.


Дереккөз: inbusiness.kz