Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі жер сілкінісін 1 наурызда сағат 08:18-де тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8, магнитудасы MPV 3,8», — делінген хабарламада.
Дереккөз: inbusiness.kz