Ср. Мар 12th, 2025

«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры сотталды

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды.

«Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген хабарламада.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS