Сб. Ноя 23rd, 2024

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұрардың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен (16-0, 16 КО) жекпе-жегі өтпейтін болды.

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», – деп жазды ол.


Дереккөз: inbusiness.kz