Вт. Сен 9th, 2025

Ол тіпті «бұл – пікір білдіруге тұрмайтын нәрсе» десті.

Сыртқы істер министрі өзі туралы түрлі сыбыстар айтылып, қаңқу сөздер жазылып жатқан уақытта жұмыста болғанын, түрлі кездесулер өткізгенін де ерекшелеп айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Шынымды айтсам, бұл – жалған, абсурд. Кейбір адамның көктем, күз кезінде сондай әдеті болады, бұл тіпті пікір білдіруге тұрмайды. Мен жұмыс орнымда отырдым, кеңестер өтті, өзге елдердегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлестім, инвесторлармен кездесулер болды, бәрі әдеттегідей, – деп қосты ол. 

БАҚ өкілдерінің «Сотқа жүгінесіз бе?» деген сұрағына жауап берді.

– Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Арнайы органдар бар, қажет болса, солар айналысады, – деді министр.

Мұрат Нұртілеу журналистерге Президент Жолдауынан соң шетелге іссапарға шығатыны туралы да ақпарат беріп өтті.


Дереккөз: inbusiness.kz