Жыл басынан бері 230-дан астам жұмыс кездесуі өткізілді.
Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Жаңа Салық кодексіндегі салық саясаты» тақырыбындағы баяндамасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстарына мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері белсенді қатыстындығын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда 1000-ға жуық ұсыныс түсті. Барлық мәселелер апта сайынғы кестеге сәйкес тұрақты жұмыс тобының қарауына шығарылады. Жыл басынан бері 230-дан астам жұмыс кездесуі өткізілді», – деді министр.
Оларға бизнес-қоғамдастықтың 140-тан астам өкілі, салық салу саласындағы сарапшылар, экономистер қатысты, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері тартылды.
Дереккөз: inbusiness.kz