Вт. Дек 3rd, 2024

Зардап шеккендер жоқ.

Жаңаөзенде мектеп ғимаратында электр тоғының қысқа тұйықталуынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, 17 қаңтарда таңертең Жаңаөзен қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы N19 мектепте өрт шыққан.

«Өрт сымдардағы қысқа тұйықталу салдарынан орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға бес техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД.


Дереккөз: Inbusiness.kz