Пт. Мар 20th, 2026

Америка көшбасшысы мұндай пікірін өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды. 

Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ-тың НАТО-дағы «көптеген одақтасы» Вашингтонға Иранға қарсы әскери операцияға араласқысы келмейтінін ашық білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мені олардың әрекеті таңғалдырмайды, себебі мен әрқашан НАТО-ны «біржақты қозғалыс көшесі» деп санайтынмын. Біз бұл елдерді қорғауға жыл сайын жүздеген миллиард доллар жұмсаймыз, ал олар біз үшін, әсіресе қиын сәтте, ештеңе істемейді, – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ пен Израиль Иранның әскерін, флотын және әуе күштерін жойып, ел басшылығының барлық дерлік деңгейдегі өкілдерін өлтіргенін тағы да қайталап өтті. 
Сол себепті, АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі енді қажет емес.

– Біз ешқашан мұқтаж болған емеспіз! Бұл Жапония, Аустралия немесе Оңтүстік Кореяға да қатысты. Тағы да қайталаймын: Біз ешкімнің көмегіне мұқтаж емеспіз, – деп сөзін нақтылады Трамп. 

Бұған дейін Еуроодақ та Ормуз бұғазы мәселесінде Трамптың айтқанына көнбеген еді.


Дереккөз: inbusiness.kz