Пт. Ноя 22nd, 2024

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Теміртауда АИТВ инвекциясын қасақана жұқтырған тұрғын 6 жылға сотталды, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық соттың хабарлауынша, ер адам өзінің диагнозын әдейі жасырып, әйелдерге АИТВ инфекциясын жұқтырғаны үшін айыпталды. 

Сот ісінің материалдарына сәйкес, сотталушы өзінің кінәсін ішінара мойындаған.

Сот ер адамның асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сот үкімі бойынша ер адам 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйілерінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz