Вс. Ноя 24th, 2024

Оның айтуынша, 20 млн қазақстандықтың 12,5 миллионы ай сайын Telegram пайдаланады.

Кәсіпкер, Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапарынан алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Жақында Орталық Азияның экономикалық қуатты орталығы — Қазақстаннан оралдым. Айбынды Астанада, жарқ-жұрқ еткен Алматыда, көркем Бурабайда және табиғаты тамаша Шарын шатқалында болдым. Қазақстанның сұлулығынан оның амбициялары ғана асып түсе алады. Ел бизнеске жайлы саясаты мен қолайлы салығы арқылы халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды өзіне тартады. Ол сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім мен ғылымдағы жетістіктерін еселеп отыр», — деп жазды Павел Дуров Telegram парақшасында.

Оның айтуынша, 20 млн қазақстандықтың 12,5 миллионы ай сайын Telegram пайдаланады.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық.


Дереккөз: Inbusiness.kz