«Жұлдыз» салықты төлемеу туралы айыптаумен келісім жасады.
Әншіні нағыз түрме жазасы күтіп тұрды. Мәміле шарты бойынша, Шакира 7 миллион еуро айыппұл төлеп, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Барселонадағы 100-ден астам куәгерді қамтитын бұл іс бойынша сот процесі басталғаннан кейін небәрі сегіз минуттан соң тоқтатылды.
Еске сала кетейік, Колумбиялық әншіге 2012-2014 жылдар аралығында Испания үкіметіне 14,5 миллион еуро салық төлемегені үшін алты айып тағылды.
Дереккөз: inbusiness.kz