Пн. Июн 24th, 2024

Балаларының қайтыс болғанын құрбысына хабарлаған әйел іздестіріліп жатыр.

Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді.

«7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда алынды», — деді М. Қабденов.

Ол тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрап, жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескерттіжәне азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырды.


Дереккөз: inbusiness.kz