Вс. Май 26th, 2024

Су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін 46 әкімшілік қаулы шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның 6-ауына айыппұл салынып, қалғандары ескерту алған.

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі брифинг барысында мәлімдеді.

Ал, Су ресурстары және ирригация Министрлігінің ресми өкілі еліміздегі 11 облыста, жаңадан 20 су қоймасы салынатынын және оның 5-еуінің құрылысы биыл басталатынын айтты. Сондай-ақ, елімізде жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасы жөндеуден өтіп, жаңғыртылады деді.  


Дереккөз: inbusiness.kz