Пт. Окт 4th, 2024

Есіл өзені суы екінші рет көтеріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылады.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Сондай-ақ Долматово елді мекенінің жанында да өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.

Мұндағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір 1532-ге жеткен.

Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 см-ге түсті.

Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған.

Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге түскен.


Дереккөз: inbusiness.kz