Atameken Business медиахолдингі мен Қытай медиакорпорациясы бірлесіп Silk Way шығармашылық студиясын ашпақ. Жобаны Atameken Business медиахолдинг бас директоры Қанат Сахариянов және Қытай медиакорпорациясынан Shao Jianguang таныстырды.
Бұл қазақ елі мен Қытай халқы арасын жақындатып, екі елдің бір-бірін тануын арттырады. Толығырақ тоқталсақ, Қазақстанда Қытай Халық Республикасының экономикасы және бизнесін көрсетіп ақпараттандырмақ. Дәл солай, Қытай медиакорпорациясы еліміздің экономикасы жөнінде жаңалықты тарататын болады. Тың жобаның мағыздылығы қазақ тіліне үлкен мән беретінін алға тартты.
Дерекөз: Ozekti Media