Табиғатқа келтірілген залал 1 миллион теңгеден асты.
Самар ауылының шыға берісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Nissan автокөлігін тоқтатқан.
49 жастағы азаматтың көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің өлі денесін байқаған.
ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Дереккөз: Inbusiness.kz