Вт. Май 21st, 2024

Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Шымкент полициясы шала туған сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, қаладағы Түркістан облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен әйелді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, ол — Шымкент қаласының тұрғыны. 

«Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полиция мәліметінде. 

Еске сала кетейік, 7 мамыр күні кешкі 21.00 шамасында Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығына белгісіз адам келіп, шамамен 20-21 апталық шала туған қыз баласының денесін тастап кеткен еді.  


Дереккөз: Inbusiness.kz