Чт. Окт 31st, 2024

Валентина Ивановна Розум бүкіл саналы ғұмырында неміс тілі пәнін оқытқан. 

Жасының ұлғайғанына қарамастан қазір де шәкірт тәрбиелеуді жалғастырып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Үйде немерелеріне шет тілін үйренуге көмектеседі. Аударма ісі, оқу, жаттығу жасаумен де айналысады. Ғасыр жасаған ардақты ана ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті. Валентина Ивановна үшін ескі фотоальбомда құнды естеліктер сақталған.

Ол мұндағы фотолардағы әр жылдары сабақ берген шәкірттерінің бәрін танып, түсін түстеп отыр. Тіпті қай баланың бұзық, қайсысының жақсы оқығанына дейін біледі. Қазір бұл суреттегі оқушылардың өзі немере сүйіп, апа-атаға айналған дейді ол. 


Дереккөз: Inbusiness.kz