Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында судья Ержан Жанұзақов 9 айыпталушыға үкім 5 маусымда жарияланатынын мәлім етті
Бүгін, 3 маусымда өткен сот жарыссөзінде сотталушылардың қорғаушылары, ата-аналары және сотталушылар сөз алды. Жарыссөз соңында судья Ержан Жанұзақов тараптарға үкімнің қашан жарияланатынын хабарлады.
«Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда 16:00-де жарияланады», — деді сотқа төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов.
Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр. Сот жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай оларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.
ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ