Чт. Май 15th, 2025

Сотта Шерзат Болатты (Полат) соққыға жыққан сәттің бейнежазбасы көрсетілді

Видеоны оқиға куәгері балконнан түсіріп алған. Жазба іс материалдарына тіркелді.

Видеода Шерзаттың жерде жатқаны, оның жанында тағы бір адамның болғаны көрінеді. Кейін оларға қарай бір топ адам жүгіріп барып, ұра бастайды. Олардың бірі жатқан адамды мылтықтың сабымен ұрып жатқаны анық байқалады. Сонымен қатар, видеода әйелдің: «Жедел жәрдем шақырыңдар!» деп жанұшыра айқайлаған дауысы естіледі.

Прокурордың айтуынша, жерде жатқандар адамдар — қаза тапқан Шерзат пен оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев. Кейінірек бірнеше адам Ғайыпбаевті шетке сүйреп, оны бөлек ұрып-соғады.

Аталған бейнежазбаға қатысты айыпталушы Дархан Әскентай өз нұсқасын айтты. Ол бұл төбелеске қатыспағанын айтты.

«Нұрқанат пен Шерзаттың арасы шамамен 4-5 метр болды. Мен Нұрболдың (айыпталушы Тоқтаубаев – еск.) артынан бара жаттым, ажыратқым келді», – деді төбелестің шығуына себеп болған Әскентай.

Сондай-ақ, Әскентай Шерзатты нақты кімнің ұрғанын көрмегенін айтты. Өзінің айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаев екі рет мылтық атқан.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS