Пт. Июн 6th, 2025

Бүгін, 5 маусымда Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша екі айға созылған сот процесі аяқталып, үкім жарияланды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ержан Жанұзақов Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша үкімді жариялады.

Сот үкімімен:

Абзал Шынасылға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 99-бабы 2-бөлігінің 5, 9, 14-тармақтарының бойынша – 20 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары бойынша – 15 жыл бас бостандығынан айыру; 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, жазаларды ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, түпкілікті 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Равиль Сакиевке Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 58-бабының 4-бөлігі бойынша жазаны ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы;

Азамат Тоқтаубаевқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, 188-бабының 1-бөлігі бойынша – 3 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 3-бөлігі бойынша – 9 жыл бас бостандығынан айыру, 58-бабының 6-бөлігі негізінде (Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы Талғар аудандық сотының 17.10.2024 жылғы үкімі) жазаларды ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы;

Нұрқияс Ильясовқа Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жылға бас бостандығынан айыру, 60-бабына сәйкес ( Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы, 293-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармағы бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу туралы Талғар аудандық сотының 04.04.2024 жылғы үкімі) жазаны ішінара қосу жолымен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шыңғыс Белғожаев Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Дархан Әскентай Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Нұрбол Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған сотталушы Ы.Д.-ға Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша – кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ іс бойынша жәбірленуші болып танылған Қаржаубай Нұрымов, Жұмабике Кадирова және Гүлбарам Бишембиеваға келтірілген моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды.

Еске сала кетейік, жәбірленушілердің өкілдері сотталушылардан жалпы сомасы 660 млн теңге өтемақы сұраған еді.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ