Алматы облысының Полиция департаменті Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тергеудің мән-жайын айтты
Полиция мәліметінше, былтыр 4 қазанға қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілген, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізіліп, қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылген.
«Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлел, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар», — деп жазылған хабарламада.
Полиция әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілгенін, тергеудің барлық кезеңінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.
«Тергеу барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқығы сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды», — деп жазылған хабарламада.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS