Ол 16 қыркүйекте октагонға шығады
UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновтың 16 қыркүйек күні октагонға шығатынын жариялады. Бұл жолы оның қарсыласы америкалық Кевин Гастелум болмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Номад» бұған дейін UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Соңғы айқасында америкалық Джефф Нилдан басым түсті.
Источник: inbusiness.kz