Пн. Ноя 25th, 2024

Жанар Өтешева биыл ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған еді. 

Қазақстан ҰОК Бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жанар Өтешева биыл ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған еді. Ол 2013 жылдан бері Геннадий Головкиннің PR кеңесшісі және менеджері болып қызмет атқарады.


Дереккөз: Inbusiness.kz