Пн. Ноя 25th, 2024

Қызыл жалын таңғы сағат 3-00 шамасында шыққан.

Семей қаласында «Ақшың» сауда үйі отқа оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаладағы киім-кешек саудаланатын ең ірі сауда орнында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазіргі уақытта сол жерде өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр.

«Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында кезекшілік етуде», — деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Сондай-ақ, шаһардағы Найманбаев, Засядько, Чехов көшелерінде көлік қозғалысы шектелген.


Дереккөз: inbusiness.kz