Ср. Май 8th, 2024

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады.

«ҚазАвтоЖол» мекемесі ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жолда қозғалыс шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ауа-райының нашарлауына (нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ) және жолдарды тазалауға байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында — 1 учаске (79 км)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) -79 км;

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Ақтөбе облысында — 1 учаске (176 км)

 1. «Самара-Шымкент» а/ж. 526-702 км. Батыс Қазақстан обл.шек — Маржанбұлақ а.-176 км;

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады

Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске (132 км)

 1. «Самара-Шымкент» а/ж. 394-526 ам. Жымпиты к. — Ақтөбе обл.шек. -132 км;

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 363 техника жұмылдырылды.


Дереккөз: Inbusiness.kz