Сб. Ноя 23rd, 2024

Орталық сайлау комиссиясының қорытынды нәтижесі жарияланды. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, АЭС салуға келіскен адамның саны 5 миллион 561 мың 937 болды, яғни 71,12 пайыз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.

Осылайша, референдум өтті деп саналады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

Орталық сайлау комиссиясы


Дереккөз: inbusiness.kz