Вт. Ноя 5th, 2024

Ақпаратты Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, биыл 7 қазанындағы саағат 08.00-дегі жағдай бойынша елдің барлық өңіріндегі және шетелдегі 10 323 учаскеде дауыстарды санау аяқталған.

Кеше ОРК күні бойы онлайн режимде өңірлердің жеке деректері негізінде қазақстандытардың азаматтардың дауыс беруге қатысуын хабарда еткені, 9 брифинг өткізіліп, барлық ақпарат ұсынылғаны хабарланды.

Бүгін таңертең дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электронды көшірлемелін ұсынған, Жедел деректер негізінде ОРК референдумда дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығарды.

Референдумда АЭС-тің салынуын қолдағандар – жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам.

АЭС салуға қарсы дауыс бергендер саны 2 045 271 адам.

Орталық сайлау комиссиясы


Дереккөз: inbusiness.kz