Вс. Окт 6th, 2024

Астанада өтетін “Джулия” мюзикліне билеттер түгел сатылып кетті. Бұл мәдени шараны Qazaq Oil ұйымдастырған еді

Шыңғыс, Тимур мен Джулия кезінде атақты Аpple Pie тобының солистері болатын. Алайда Тимурдың адалдық жасамағанының кесірінен Джулия екеуінің арасында жанжал пайда болып, бұл барлық топқа әсер етеді. Олар тек өздері ғана ажырасып қоймай, музыкалық топ та тарайды. 

Джулия қарым қатынастың бәрін үзіп, Алматыдан Америкаға ұшады. 20 жылдан өткеннен кейін Шыңғыс өзінің қауіпті дертке шалдыққанын естіген соң, достарын жинауға тырысады. Алайда, олар не үшін жтиналғанын білмеген еді.

Олардың барлығының өмірі өзгерген. Әрқайсының бір біріне айтар сыры көп. Осы тарихтың барлығы A’Studio тобының хиттеріне негізделген. Ол әндердің кейбірі қазақшаға аударылды.

Ал спектакль, әрине, екі тілді көрерменге де ортақ.

— Мен бірінші рет  «Джулия» әнін 10 жаста естіген едім, 1988 жылы осы топтың әндерін тыңдап өстік, — деді басты рөлді орындаушы  Рүстем НҰРЖІГІТ. – Кейінірек консерватория студенті болғанда осы топтың шығармашылығына жақындай түстім. Концерттеріне, музыкалық кештеріне қатысып жүрдім. Батырханмен 2000 жылы таныстым. Студияда бірге жұмыс істедік. Ол қазақ тілінде альбом жазғанда, кейбір әндерді жазуға қатыстым.

Qazaq Oil компаниясының бас директоры Төлеміс ШОТАНОВТЫҢ айтуынша, A’Studio әндерінің барлығы сүйікті, олардың әрқайсысын бөле жарып айтуға болмайды.

— Әрине, «Джулия», «Солдат любви» тағы басқа әндер біздің жан жүрегімізді толқытатын. Осы кезде біздің қазақстандық өнерпаздар осындай биік дәрежеде елдің мәдениетін шетелге таратқанына куә болдық. Бұл біздің ұлттық мақтанышымыз болды.

Осы спектакльді көруге тек қана компанияның топ менеджерлері ғана келген жоқ. Біз барлық басты клиенттеріміз бен әріптестерімізді де шақырдық. Біз өзімізді тек мұнай өнімдері мен халық тұтынатын тауар сататын компания ретінде ғана емес корпоративті секторда да маңызды іс атқаратын компания ретінде қабылдаймыз. Біздің бастамамызға орай Qazaq Oil компаниясының келбеті тек жеке компания емес, белгілі бер экожүйе сияқты көрініс береді. Оны азаматтарымыз жақсы сезінеді деп үміттенеміз. Бұл бизнес пен мәдениеттің сәтті коллаборациясы сияқты елдегі мәдени, спорттық, әлеуметтік бастамаларды қолдауға септігін тигізеді. Осы мюзикл біздің компанияның алғашқы бастамасы емес. Жазда Алматыда атақты «Азия Дауысы» конкурсы өтті. Біздің компания осы байқаудың басты демеушілерінің бірі болды. Жобалар өте көп. Шамамыз келгенше бәрін қолдайтын боламыз. Біздің бұл бастамамыз басқа компанияларға үлгі болады еп ойлаймыз. Бізге дейін де көптеген бастамалардың куәсі болып отырмыз. Бизнес тек пайда табу үшін жұмыс істемей, мәдени шараларды қолдауға көмектессе нұр үстіне нұр. Бұл жерде еш коммерциялық мақсат жоқ.

A’Studio тобының негізін қалаушы Байғали СЕРКЕБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл идея  2017 жылы ЭКСПО кезіне пайда болған.

Батыстың Бродвейіндегі сияқты апта сайын өтіп тұратын музыкалық шараларды ұйымдастыру сол кезде қажеттілік тудырған.

Алайда, сол кезде шығармашылық топ оған әлі дайын еместігін түсінген. Одан кейін олар шетелдерге барып, жанрдың қалай қойылатынын зерттеген. Актерлердың жұмысы мен сахнаның орналасуын бақылаған.

Былтыр Алматыда «Джулия» 80 рет қайталанды. Ал Астана тұрғындарына премьера енді болады.

Мюзиклдің бас директоры Қайрат КУЛЬБАЕВТЫҢ айтуынша, кастингтен мыңдаған үмітер өткен. Жанды тыңдалым кезінде — 300, кейінгі іріктеуден 60 адам ғана қалған.

Айта кету керек, Qazaq Oil тек қана елдің мәдени өміріне ықпал етуге тырысып жатқан жоқ.

Мәселен, компанияның топ менеджерлері қарапайым жұмысшы сияқты жанармай құюға шығып, көліктердің терезесін де сүртіп береді. Кофе дайындап, ақжол тілеп тұрады. Бұл Qazaq Oil компаниясының ішкі коллективін ғана жұмылдырмайды, клиенттердің де өнімге деген сенімін, бизнеске ықыласын арттырады.


Дереккөз: Inbusiness.kz