Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің халықаралық федерацияны басқаратын алғашқы қазақстандық екенін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
Дереккөз: inbusiness.kz