Чт. Дек 12th, 2024

Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған 17 жастағы жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 желтоқсан күні Жедел басқару орталығына Бергалиев көпірінде белгісіз адамның секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстінде жасөспірімнің секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, жақындап, сөйлескен. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылды.

Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Дереккөз: BAQ.kz