Пт. Окт 18th, 2024

Оқиға 28 маусым күні сағат 18:00-де болған.  

Оралда кофехананың ашылу салтанатында жүздеген адамның жиналған. Кеш жақсы басталғанымен соңында жиналған халық бірін-бірі таптап кете жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, аталған жағдайға елімізге танымал блогерлердің келуі себеп болған. Жиналған жұрт арасында жүрген балаларға мән бермей, бірін-бірі басып кете жаздаған. Желі қолданушыларының пікірінше, блогерлер оларға тегін бірдеңе таратқан болуы мүмкін. Алайда бұл туралы нақты ақпарат жоқ.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оқиға 28 маусым күні сағат 18:00-де болған. 

«Қадыр Мырза-Әлі шағынауданында танымал блогерлердің қатысуымен кофехана ашылды. Шараға Орал қаласының 200-ге жуық тұрғыны келді. Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Іс-шара барысында қылмыс болған жоқ. Сондай-ақ зардап шеккендер жоқ», – деді полиция.


Дереккөз: inbusiness.kz