Пт. Фев 23rd, 2024

Алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылған.

Орал қаласында кафеде жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына сағат 02.17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты RIZYQ дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады.

Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

«Тілсіз жау» сағат 02.40-та ауыздықталды. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер мен жеке құрамнан 39 адам, 13 техника, жедел жәрдем бригадасы (18 адам, 6 техника) полиция департаменті (28 адам, 7 техника) қызметкерлері жұмыс жасады. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаны БҚО әкімдігі де растап, оқиға орнына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің арнайы барғанын, зардап шеккендер бар екендігін жеткізді.

Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталып жатыр.


Дереккөз: inbusiness.kz