Сб. Фев 22nd, 2025

Алматыда полиция жекеменшік үйдің қоршауын өртеген ер адамды іздестіріп жатыр

Алматы тұрғыны белгісіз ер адам оның үйінің қоршауын қасақана өртеп жібергенін айтты. Оқиға 11 ақпанда сағат 11:30 шамасында Тургут Озал көшесінде болған. Күдікті адам бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Ол Төле би көшесінен үйіме қарай әдейі келген, қолында жанғыш сұйықтық толы канистр болған. Сол кезде онда кішкентай балалар болды», – деді алматылық әйел.

Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция бұл қылмысты тергеп жатқаны айтылды.

«Қасақана өрт қою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау және қылмыстың себебін анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS