Ср. Дек 18th, 2024

Марапатты Ерлан Ғазымжановқа Адвокаттар коллегиясы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыстады.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов Қазақстан Республикасының адвокаттар коллегиясы тарапынан «Кәсіпқойлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марапатты Ерлан Ғазымжановқа Адвокаттар коллегиясы төрағасының орынбасары Игорь Вранчев табыстады.

Айта кетейік, Игорь Вранчев атышулы Бишімбаев сотында Нүкеновтер отбасының құқығын қорғаған болатын.

Сондай-ақ марапатқа қатысты адвокат Ерлан Ғазымжанов өз ойымен бөлісіп, заң саласына одан үлес қоса беретіндігін жеткізді.

«Бұл марапат – менің күш-жігерім мен жетістіктерімді мойындаудың белгісі ғана емес, адамдардың құқықтары мен еркіндігін қорғаудағы жұмысымды одан әрі жалғастыруға деген ынталандыру», – деді құқық қорғаушы.


Дереккөз: inbusiness.kz