Ср. Ноя 27th, 2024

Осы аптаның аяғында 1ХВЕТ QFL Лига кубогының 3-ші тур ойындары өтеді. QFL-дің жалпы жүлде қоры рекордтық 1 миллион долларды құрайтын жаңа турнирі 25 мамыр күні басталған еді. Жарыстың бас демеушісі ретінде 1ХВЕТ компаниясы танылған.

Айта кетейік, турнирге еліміздің үздік 16 клубы қатысып жатыр. Олар топтық форматта сынға түсіп, әр топтың жеңімпазы жартылай финалға жолдама алады. Шешуші тур 19-21 шілде аралығында өтеді.

Тур жұма күні «Шахтер» мен «Астана» арасындағы тартыспен басталады. Премьер-лигадағы бірнеше матчтағы сәтсіздіктен кейін, елордалық клуб бар назарын жаңа турнирге аударды. Оған 2-ші турда «Каспийге» қарсы мықты құрамын шығарып, 5:0 есебімен жеңуі дәлел. Алайда бұл жұптың жеңімпазы «Каспий» мен «Жетісудің» де есебіне көңіл аударады. Себебі, D тобындағы барлық команданың еншісінде 3 ұпай бар. Айта кетейік, ұпай теңескен жағдайда топтың жеңімпазы бірінші кезекте доп айырмашылығы арқылы анықталады.

D тобында барлығы бірдей келе жатса, тартысты В тобында әлі ешнәрсе шешілмеді. Жеребеге сәйкес бұл топта «Ақтөбе», «Тобыл», «Қайсар» және «Жеңіс» клубтары жинақталған. Бастапқы екі турдағы жеңістен кейін астаналық ұжымға Ақтөбеде тең есеп те жеткілікті. Ал қостанайлық «Тобылдың» жағдайы қиын болса, «Қайсар» бар мүмкіндігінен айырылып қойған. Қызылордалық клубтың бас бапкері Виктор Кумыков команданың бұл көрсеткішін екі бірдей турнирде нәтиже көрсетуге күшіміз жетпейді деп түсіндірген.

Сурет: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі

B тобының жеңімпазы жартылай финалда өз алаңында А тобының жеңімпазын қабылдайды. А тобында «Қайрат» бірінші турда «Ақжайыққа» жауапсыз 9 гол соғып және сырт алаңда «Қызылжармен» тең түскен соң, бірінші орын алуы әбден мүмкін. Алматылықтарға жексенбі күні «Таразды» жеңуі керек. Өйткені «Ақжайық» – «Қызылжар» жұбында қонақтар айқын фаворит саналады.

Ал С тобында «Тұран» – «Ордабасы» мен «Елімай» – «Атырау» матчтары күтіп тұр. Ел чемпионы жартылай финалға шығу үшін, ірі есеппен қарсыласын тізе бүктіріп, өзге ойынның тең есеппен аяқталуы ауадай қажет. «Атырауды» тек жеңіс қанағаттандырса, «Елімай» клубы кем дегенде тең түсіп және шымкенттіктер 2 голдан артық соқпауға тиіс. 1ХВЕТ QFL Лига кубогының шиеленіске толы ойындарын жіберіп алмай, сүйікті командаңызды қолдаңыз. Сондай-ақ, стадионға келіп, жүлде жеңіп алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Барлық кездесулерді тікелей эфирде отандық төрт спорттық телеарнадан тамашалай аласыз.


Дереккөз: Nur.kz