Вс. Сен 8th, 2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Қуанышбек Бақытбекұлы 1975 жылы 10 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.

2001 – 2002 Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын Менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.

2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.

2010 жылдан «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарған.


Дереккөз: inbusiness.kz