Вс. Ноя 24th, 2024

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаевты күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар, Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.


Дереккөз: Inbusiness.kz