Испаниялық клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде доп тебетін ойыншылары белгілі болды.
Құрамды Мадридтің «Реал» клубы жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Фран Гонсалес;
Қорғаушылар: Дани Карвахаль, Эдер Милитао, Давид Алаба, Трент Александер-Арнольд, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хёйсен;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде аты аңызға айналған «Реалдың» қарсыласының бірі – алматылық «Қайрат». Матч 30 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді.
Кеше «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынының билеті қашан сатылымға шығатыны және оның бағасы белгілі болған еді.
Дереккөз: inbusiness.kz